Рудныйда бункерді тазаламақ болған 4 жұмысшы көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қайғылы оқиға 6 қазан күні болған. Облыстық прокуратураның мәліметінше, төрт жұмысшы тереңдігі 5 метр болатын бункерді тазалауға түсіп, қайта сыртқа шыға алмай қалған.
Қостанай облысы ТЖД хабарлауынша, оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі, полиция және жедел медициналық жәрдем қызметі барған.
– Құтқарушылар жұмысшылардың мәйітін алып шықты. Жедел жәрдем қызметкерлері қайтыс болғанын растады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – делінген ақпаратта.