Қазір полиция адам өлтіру және өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Атырауда 25 жастағы жігіт ата-анасын айуандықпен өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсаған
1,049
оқылды

Атырауда 25 жастағы ер адам ата-анасын өлтіріп, кейін өзіне қол салған,  деп хабарлайды Aikyn.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, баласы алдымен ұйықтап жатқан әкесін бауыздап, сосын анасын ауыр темір затпен ұрып, пышақтап тастаған. Артынан өзі асылып қалған. Қазір полиция адам өлтіру және өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Әзірге жігіттің мұндай қадамға не үшін барғаны белгісіз.

"Атырау облысы Полиция департаментінде адам өлтіру дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жариялауға жатпайды", – деді Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хатшысы Мейірім Ердәулет.