Әуекемелері өрт ошақтарына 15 рет жалпы көлемі 22 тонна су төкті.
Өрттің аумағы ұлғайып барады: Қарағанды мен Павлодарда өрт сөндіру жұмысы жалғасуда
Видеодан скриншот
433
оқылды

Қарағанды және Павлодар облыстарының шекара аумағындағы табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Қатты екпінді жел, таулы жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатуда,  деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Қарағанды және Павлодар облыстары, Астана қаласы ТЖД мен жергілікті атқарушы органдарынан, ТЖМ 52859 әскери бөлімінен, «Баянауыл» МҰТП 609 адам және 110 бірлік техника, «Қазавиақұтқару» АҚ мен ҚР Қорғаныс министрлігінен 4 әуекемесі өртті жою жұмыстарына жұмылдырылды.

Қарағанды облысының Теректі ауылында және Павлодар облысының Желтау қыстағында өрт орны далалық өрт сөндіру штабтары орналастырылды. Өртті сөндіру жұмыстары жерүсті және әуекөлігімен жүргізілуде. 

Жалпы, 12 жауынгерлік учаске анықталды. Облыстық ТЖД және ТЖМ командалық орталығында жедел штабтар жұмыс істеуде.

Әуекемелері  өрт ошақтарына 15 рет жалпы көлемі 22 тонна су төкті,  делінген хабарламада.

Ақпараттық психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды облысының ТЖД 8 721 2 51 72 23, Павлодар облысының ТЖД 8 718 2 20 11 12 жедел желі телефондары жұмыс істейді.