Марқұмның отбасы кісі өлтіруге қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етіп отыр.
Талғардағы оқушы өлімі: марқұмның әкесі мәлімдеме жасады
708
оқылды

Талғар қаласында 4 қазанға қараған түні 16 жастағы оқушыны жауыздықпен өлтіріп кеткен,  деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған ақпараттарға сүйенсек, пышақпен және тапаншамен қаруланған бір топ жас 16 жастағы жасөспірім Шерзатқа, оның әкесі мен ағасына шабуыл жасаған.

Марқұм Шерзаттың отбасы кісі өлтіруге қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етіп отыр. Оның әкесі бүгін мәлімдеме жасады.

"Қаза тапқан, марқұм болған Болат Шерзаттың әкесі боламын. Бас прокурор Берік Ноғайұлына тікелей үндеу жасағым келеді. 3-і күні түні иттік өліммен қайтыс болды. Сол кезден Талғар әкімі, прокуроры, ішкі істер бөлімінің бастығы ешқандай іс-әрекет жасамай отыр. Қылмысты бұрмалап отыр. Тіпті, марқұм болған баламның аты-жөнін де білмейді. Хал-жағдайымызды сұрауға да шамалары жетпей отыр. Түннің жарымында тергеуге шақырып, өзімізді қорқытып, өзімізге арыз жаздырып отыр",  деді марқұмның әкесі.