Мақпал Жүнісова марқұмның жақындарына қайғырып, көңіл айтты.
«Қош бол, замандас»: Мақпал Жүнісова Гүлнар Сиқымбаева туралы әсерлі жазба жариялады
12,552
оқылды

Танымал әнші Мақпал Жүнісова жақында дүниеден озған әнші Гүлнар Сиқымбаева туралы әсерлі  жазба жариялады, деп хабарлайды Aikyn.kz

Әнші жас кезінде Сиқымбаевамен әріптес болып, бір жатақханада тұрғанын айтып, сол кезеңдердегі естелігін бөлісті. 

  • Әріптесім Гүлнар Сиқымбаева өмірден озды деген суық хабар жеткенде бірге “Гүлдер”ансамблінде қызмет еткен кездер, жатақханада бірге тұрған жылдар көз алдыма тізбектеле берді. Өте қарапайым, көкіректігі жоқ, адами қасиеті мол қыз еді. Кейін мен “Гүлдер" ансамблінен Қазақконцертке кеткесін сирек жолығатын болдық, бірақ жолыға қалсақ арқа-жарқа боп, өткен жылдарымызды еске түсіріп, жақсы әңгіме айтып, сол шақтың қайтып оралмайтынына күрсініп қоятынбыз. Енді небәрі 63 жасында қоштасып қала бердік. Жаның жәннаттың төрінде болсын, Гүлнар замандас. Балаң, немерелерің ғұмырлы болсын, жақындарына қайғырып, көңіл айтамыз. Қош бол, замандас,  деп жазды Мақпал Жүнісова.