Ауыл үйлерінің айналасына жиналған барлық құм арнайы құм карьерлеріне тасымалданды.
Майкөмгеннен 5,5 мың тонна құм елді мекеннен тыс жерлерге әкетілді
437
оқылды

Жылыой ауданы Майкөмген ауылында "көшпелі" құмдарды тазарту жұмыстары жүргізілді. 

Құмды тасу жұмыстары мұнай өңдеуші компанияның қолдауымен ұйымдастырылды. Ауыл әкімі Нұржарық Сауытов айтып өткендей, үйлері үнемі құмға көмілген ауыл тұрғындарының көптен бергі проблемалары шешілді. 

- Ауыл тұрғындары бұл мәселені 2022 жылдан бастап ТШО компаниясының өкілдерімен кездесуде көтерді. Биыл ауылды құмнан тазарту жұмыстары ұйымдастырылды. Жалпы, жергілікті тұрғындар үйлерінің аумағынан 5,5 мың тонна құм шығарылды, - деді Майкөмген ауылының әкімі Нұржарық Сауытов. 

Ауыл үйлерінің айналасына жиналған барлық құм арнайы құм карьерлеріне тасымалданды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде тұрғындар үйлері мен ауылдық көшелер аумағының жағдайы айтарлықтай жақсарды. 

- Майкөмген ауылын құмнан тазарту жұмыстары ауыл тұрғындарының өтініші негізінде ұйымдастырылып, жергілікті тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында жүргізілді. Жұмыстарға 6 бірлік техника, 8 жұмысшы жұмылдырылды, барлығы 550 рейс жасалды, - деді мердігер компания өкілі Нұрлан Ерғалиев.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram   арнасынан таба аласыз.