Атом электр станса­сы­ның құрылысы оның ай­наласындағы инф­ра­құрылымды дамытуға ық­пал етеді, бұл жаңа жұ­мыс орындарын құруға, ша­ғын және орта бизнесті ынталандыруға, сондай-ақ халықтың өмірін жақсартуға әкеледі.
Закиржан Кузиев, Сенат депутаты: Халықтың өмірін жақсартуға мүмкіндік береді
277
оқылды

АЭС құрылысына жұмыс күші мен мамандарды тарту сау­да, қоғамдық тамақтану, көлік, тұрғын үй құры­лысы және басқа да салалардың дамуына ықпал ететін болады. Бұл Алматы облысы үшін орасан зор мультипликативтік әсер береді.

Облыстың электр энергияны тұтыну көрсеткіші жыл сайын артып келеді. Алматы облысы жылда ш­амамен 600 МВт электр қуатын тұтынады. Оның жартысы өзінде өндірілсе, қалғанын сырттан сатып алады. Енді 15 жылда бұл көрсеткіш үш есеге артуы мүмкін. Қонаев, Алатау қалалары салынса, тек Алатау қаласына 180-200 МВт электр қуаты қажет болады. Сондай-ақ өңірде 4 жаңа индустрия­лық аймақ салу жоспарланған. 

Exit poll бойынша халықтың 70 пайызға жуығы «иә» деп дауыс беріпті. Ал «AMANAT» партиясының Қоғамдық саяси институты халықтың 72,3 пайызы АЭС құрылысын қолдады дейді. Бұл сауалнамаға 300-ден астам сайлау бөлімшесіндегі 44 мыңнан астам дауыс беруші қатысқан. Көп жағдайда ресми хаттама мен Exit poll нәтижесі сәйкес келіп жатады. Сондықтан орталық сайлау комиссиясының ресми дерегін күту ғана қалды.

Энергетиктер 2029 жылдан бастап электр қуатының тапшылығы сезіле бастайды деген еді. Бұл кезде Қазақстанда АЭС-тің тек фундаментін құйып жатамыз. Оның жобалық сметасын жасау­ға 5 жыл керек екен. Ал толық аяқтауға кемінде 15 жыл қажет. Сондықтан бүгінгі шешімнің нә­тижесін тек 2040 жылға қарай көре бастаймыз. «АЭС тақырыбы бүгінмен біткен жоқ», – дейді мамандар.