Бұл желі қолданушылары арасында қызу талқыланды, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Соңғы жылдары жиі талқыға түскен Астанадағы LRT тірегінің ағашпен жамалған суреті Telegram желісі арқылы тараған.
Желі қолданушылары "LRT аман болсын", "Ойлап таппайтындары жоқ", "Көк изолентамен жамау керек еді", – деп пікір қалдырған.
Жақында City Transportation Systems өкілдері қоғамда қызу талқыға түскен жағдайға байланысты түсініктеме берді.
"LRT құрылысының Ш.Қалдаяқов пен Қ.Қуанышбаев көшелерінің қиылысында, 114-115 учаскелер аралығында, NR14 тірегінде монолитті арқалықтардың ішкі жағын бетондау үшін шегендеп бекіту орнатылған. Бұл процесс тростардың алдын ала керілуінен кейін жүзеге асырылған. Қазір бетондау жұмыстары аяқталды. Шегендеп бекіту алып тасталды", – делінген ресми хабарламада.
Әлеуметтік желіде ағаш бекітулер алынып тасталған сурет те жарияланып үлгерді.