Референдум – демократиялық бағыттың негізгі құралдарының бірі. Елімізде соңғы болып жатқан реформаларды халқымыз біліп, саяси белсенділігі жоғарылап жатыр.
Жақсыбек Ақтілеуұлы, Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы: Бұл – Қазақстандағы  ірі жобалардың бірі
278
оқылды

Бұл жерде маңызды өзгерістерге халықтың үлесі, ойы ескерілуі керек деп ойлаймын. Әрине, АЭС мәселесі – бұл Қазақстанда болып жатқан екінші үлкен жоба. Атап өтсек, бірінші үлкен жоба – Астанамызды көшіруге байланысты қабылданған шешім болса, екінші кезекте АЭС мәселесі болып отыр. Кеше еліміздегі бірнеше зерттеу институты әлеуметтік сауалнама жүргізген. Соның нәтижесі бойынша сарап­­­шылардың айтқаны дәл келіп отыр. 70 пайыз көлемінде халық қолдап отыр деген көрсеткіш тіркелді. Жалпы, қоғам бұл жобаның елге тигізетін маңыздылығын, экономикалық әсерін осылай бағалап отыр деп пайымдаймын. Оған дейін, әрине бір жылдың көлемінде еліміздің әр өңірінде ашық талқылаулар болды. Бұл талқылаулар өте маңызды, өйткені АЭС-тің қауіпсіздігі, экономикалық тиімділігі одан кейін еліміздің энергия тапшылығы сынды мәселелері қозғалды.

Сонымен қатар осындай маңызды шешімдерді, реформаларды іске асыруда мемлекет халықпен бірге кеңесуші құрал ретінде референдумды қолданғаны дұрыс шешімдердің бірі деп ойлаймын. Бұл кәдімгі саяси мәдениетті қалыптастырып, халықтың белсенділігін арттырады.