Әнші туған күнінде тыңдармандарына алғыс айтып, әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады.
«Басымнан қандай қиындық өтсе де, маған деген көзқарасын өзгертпеді»: әнші Гауһар Әлімбекова тыңдармандарына алғыс айтты
Фото: instagram.com/gauhar_alimbekova_official
2,373
оқылды

Әнші Гауһар Әлімбекова туған күнін атап өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Әнші туған күнінде тыңдармандарына алғыс айтып, әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады.

"Басымнан қандай қиындықтар өтіп, алдымнан көптеген кедергі шықса да, маған деген көзқарасы өзгермеген, әндерімді сүйіп тыңдайтын менің тілеулес-жанашырларыма, патша көңіл көрермен – тыңдармандарыма көптен-көп алғыс айтып, алдарында құрметпен басымды иемін. Сіздерді жаңа әндермен қуанта беремін", – деп жазды Гауһар Әлімбекова. 

Бұған дейін Гауһар Әлімбекова сахнадан көрінбей кетуінің себебін айтқан еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.