Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, үмітін үзбейтінін жазған.
"Ирина Қайратовна, ұялсаңдаршы!": Баян Мақсатқызы танымал топтың жігіттеріне ескерту жасады
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy/
5,998
оқылды

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы KeshYou тобымен бірге ән жазуға келіспеген қазақстандық "Ирина Қайратовна" тобының жігіттеріне ескерту жасады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, үмітін үзбейтінін жазған.

"Ирина Қайратовнаға бізбен фит айтуға өтініш айтып тұрған сәт. Олар бір рет бас тартқан. Бірақ мен үмітімді үзбеймін, талантты адамдармен жұмыс істеу оңай болмаған, ал олармен келісімге келу одан да қиын... Ирина Қайратовна, ұялсаңдаршы! Снуп Дог бір жыл ойланды, сосын оған қатты ұнап қалды. Қыздардан құралған топтың бәрі мұны басынан өткізді, біз төзімдіміз, қырсықпыз, сұлумыз, таланттымыз және үнемі бір толқындамыз! Үш күннен кейін хабарласамын", – деп жазды Баян Мақсатқызы. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.