Қазіргі уақытта Павлодар облысы тарапынан Желтау ауылының 18 тұрғыны көрші ауылдың эвакуациялық пунктіне жеткізілді.
Павлодар облысының аумағындағы дала өрті толықтай оқшауланды
Фото: ТЖМ
379
оқылды

6 қазанда Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауданының аумағынан Павлодар облысы Баянауыл ұлттық паркінің шекара маңындағы аумағына ұласқан шөп өртену оқиғасы болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өртке жұмылдырылатын күштер мен құралдарды үйлестіру мақсатында министрліктің жедел штабы іске қосылды, сондай-ақ Павлодар облысының Желтау ауылында далалық жедел штаб құрылып жұмыс істеуде. Өртті жою жұмыстарын вице-министр жүзеге асыруда.

Министрліктің күштері мен құралдарын дереу бағыттап, қосымша Абай, Ақмола және Астана қалаларынан құралымдарының күштері топтамасы оқиға орнына шақырылды. Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның әуе кемелері тартылды.

Павлодар облысы тарапынан Желтау ауылының 18 тұрғыны көрші ауылдың эвакуациялық пунктіне жеткізілді.

Қазіргі уақытта Павлодар облысының аумағындағы дала өрті толықтай оқшауланды.

– Бүгін де Қарағанды облысы бойынша осындай нәтижеге қол жетеміз деген ойдамыз. Барлық қажетті іс-шаралар қабылданып жатыр. Сонымен қатар бүгін түнде РФ жағынан Қостанай облысының Жетіқара ауданына 500 гектар дала өрті болып, дер кезінде сөндірілді, – деп мәлімдеді штабтағылар.