Оқыс оқиға 8 қазан күні сағат 09:12-де Атырау қаласы Томарлы ауылында тіркелді.
Шақырту орнына жеткен құтқарушылар пошта ғимаратының төбе жабындысы өртеніп жатқанын анықтады. Өрт сағат 09:39-да оқшауланып, сағат 09:47-де толықтай жойылды.
Зардап шеккендер жоқ.
Өрт сөндіруге Атырау облысы ТЖД 15 құтқарушы, 3 бірлік техника және АМО 3 қызметкер, 1 бірлік техника жұмылдырылды.
Баян Жанұзақова, Атырау облысы