Арман Дүйсенов 2023 жылдың қаңтарында мезгілсіз қайтыс болған еді.
Арман Дүйсеновтің ұлы қайтыс болды
Фото марқұмның әлеуметтік желідегі парақшасынан
3,153
оқылды

Белгілі композитор Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы қайтыс болды. Бұл туралы журналист Ләйлә Сұлтанқызы Instagram-дағы парақшасында бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Қаралы хабарды жеткізген тележүргізуші марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.

– Осы жаңа суыт хабар естіп, көңілім құлазып отыр. Қазақта "аталатсаң да, боталатпа" дейді ғой. Арманның жесірі, келіншегіне өте ауыр, қиын болды. Үлкен ұлы қайтыс болды дегенді естіп, отбасына қайғырып, көңіл айтамын. Бекем болыңыздар, - деді журналист.

Әнші Мақпал Жүнісова да марқұм сазгердің жұбайына көңіл айтып, жазба жариялады. Оның айтуынша Абылай Арманұлына қастандық жасалған.

– Марқұм Арман Дүйсеновтің тұңғышы Абылай Арманұлын біреулер қастықпен өлтірді деген суық хабар жетті, иманы саламат болсын, өлтірген адамды тауып, жазасын беру керек. Айсұлу айналайын Алла сабыр берсін. Кеше ұшып кетіп едім, туғандарына, анасына, қарындасымен бауырына қайғырып көңіл айтамын, – деп жазды Мақпал Жүнісова. 

Еске сала кетейік, Арман Дүйсенов 2023 жылдың қаңтарында мезгілсіз қайтыс болған еді.