Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қостанайлық ер адам өз үйін есірткі зертханасына айналдырған
285
оқылды

Қостанайда қарасора өсіруге арналған есірткі зертханасы жойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қостанайда 44 жастағы жергілікті тұрғын өз үйін есірткі өсіру үшін арнайы жабдықтаған.

– Жеке сектордың ауласын тінту кезінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері биіктігі 3 метрге дейін жететін 36 қарасора бұтасын тапты. Моншада тағы 42 кептірілген марихуана бұтасы мен барлық қажетті жабдықтар табылды. Жарық және диодты шамдар, кептіргіштер, электронды таразылар және тіпті тыңайтқыштары бар канистрлер тәркіленді, – делінген ақпаратта.

Қазір бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз еккені үшін қостанайлық 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін.