"Қазгидромет" синоптиктері алдағы күндер мен демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің бірнеше аймағында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.
7-13 қазанға арналған болжамға сәйкес, кезеңнің басында еліміздің басым бөлігі кең ауқымды солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады.
Ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады, тек еліміздің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр жауады, таулы аймақтарда жаңбыр қарға айналады деп күтіледі.
– 9 қазаннан бастап республика аумағына батыс циклоны ауысады, жауын-шашын және желдің күшеюі, алдымен батыста, кейін республиканың басым бөлігінде кезеңнің соңында жаңбыр солтүстік облыстарда қарға айналуы мүмкін, – деп Қазгидромет ескертті.
Жалпы, түнде және таңертең Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман күтіледі.
– Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында - найзағай. 12-13 қазан еліміздің солтүстік, шығысында көктайғақ. Қазақстан бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі. 12-13 қазанда елдің солтүстік-шығысында көктайғақ болады, – деп хабарлады синоптиктер.