6 қазан күні тұтанған дала өрті 35 мың гектардан астам жерге жайылды.
Қарқаралы ауданында дала өртін сөндіру кезінде 5 адам зардап шекті
476
оқылды

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дала өртін сөндіру кезінде 5 адам зардап шекті, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.

Бесінші адам бүгін түнде облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Ол Шөптікөл ауылы маңында тұтанған өртті сөндіруге шыққан ерікті екен.

Еске салсақ, 6 қазан күні тұтанған дала өрті 35 мың гектардан астам жерге жайылды. Бір өрт сөндіруші қаза тапты.

– Науқас ауруханаға жатқызылды. Денесінің 35%-ын күйік шалған. Бізде 5 науқас жатыр. Оларға барлық ем-шаралар көрсетілуде, – деді Х. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың травматология орталығының басшысы Берік Төлеубаев.