Ол жақында бейнежазбаны көріп, жағасын ұстағанын айтты.
«Неге сонша қатыгез болдыңыздар?»: Меруерт Түсіпбаева әріптестеріне ашуланды
Фото: instagram.com/ meruert_tusupbaeva
6,398
оқылды

Әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева қайтыс болған адамның құпиясын айтып, хайп қуатын әріптестерін сынға алды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол жақында осындай бейнежазбаны көріп, жағасын ұстағанын айтты.

"Пост жазуға, сұхбат беруге құлқым жоқ... Өтірік айтқым келмейді, шындық көпшілікке ұнамайды. Тыныштық керек, дегенмен көптен бері осы ой мазалайды мені. Осы дүниеден өтіп кеткен танымал адамдар туралы сұхбат беріп, ол марқұмдардың көрге өзімен алып кеткен құпия-сырларын ақтарып, "сөйту керек еді, бүйту керек еді" деп масқаралау көргенсіздік негізі. Жақында бір үзінді көріп қалып, жағамды ұстап едім. Бір қайтыс болған адам туралы, бір хайпажорша, оның мәйітін өз үйімнен шығарғым келді деп отырған. Ойладым да қойдым, мұнысы несі деп?! Құдай-ау, ол танымал адамның өзі кеткенімен, көзі кеткенімен, артында бала-шағасы, ел-жұрты, жекжаты, көрермені қалды емес пе?! Иә, ол марқұм қайтып келіп, өсекшіні сілкілемес, жауапқа тартпас, сотқа бермес, бірақ артында қалған ұрпағы бұдан кейін қалай өмір сүреді?! Елдің бетіне қалай қарайды?! Неге сонша қатыгез болдыңыздар, адамдар?", - деп жазды Меруерт Түсіпбаева. 

Желі қолданушылары Меруерт Түсіпбаева белгілі композитор Арман Дүйсеновтің қазасына қатысты жайтты айтып отыр деп топшылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.