Ер адам шынымен адам қолынан қаза тауып, артынан өртенген болуы мүмкін деген ақпарат әлі расталған жоқ.
Талдықорғанда ер адам көлігімен бірге өртеніп кетті
Фото: ҚР ІІМ
350
оқылды

Талдықорған қаласында көлігімен бірге өртеніп кеткен ер адамның мәйіті табылды. Болжам бойынша, әлдекімдер оны өлтіріп, артынан өрт қоюы мүмкін,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Жетісу облысының Полиция департаменті фактіні растады. Алайда  ер адам шынымен адам қолынан қаза тауып, артынан өртенген болуы мүмкін деген ақпарат әлі расталған жоқ.

«Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сай, өзге ақпарат жариялануға жатпайды»,  – деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.