Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Алматыда 5 жасар баланы автобус қағып кетті (видео)
878
оқылды

Алматы қаласында жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 5 жасар баланы автобус қағып кетті. Бала ауруханаға жатқызылды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аталған оқиға туралы ақпарат алдымен Almaty LIVE Telegram арнасында жарияланды.

– Оқиға сағат 14.05 шамасында Алматы қаласы Бостандық ауданында болды. Тимирязев көшесімен шығыс бағытта келе жатқан автобус Айманов көшесімен қиылыста жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан 5 жасар баланы қағып кетті, – деп мәлімдеді қалалық ПД баспасөз қызметі.

Қазір аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.