Сондай-ақ Премьер-Министр Олжас Бектеновтің атынан алғыс хат табысталды.
Паралимпиадашы Кәмиля Досмаловаға ақшалай сыйақы мен пәтер берілді
499
оқылды

Кәмиля Досмалова – пара-таэквондодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ол Парижде өткен XVII жазғы Паралимпиада ойындарында 5-орын алды. Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов спортшы мен оның жеке жаттықтырушысы Әнуар Үсеновтің жарыста ерік-жігер мен табандылық көрсеткендерін атап өтіп, құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Бейбіт Шаханов Кәмиля Досмалова мен оның жаттықтырушысына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің атынан алғыс хат табыс етті.

Бейбіт Шаханов сонымен қатар Кәмиля Досмаловаға 2 миллион теңгелік ақшалай сертификат, ал Әнуар Үсеновке 1,5 миллион теңгелік сертификатты тапсырды. Сонымен қатар спортшыға қызметтік баспана берілді.

«Бізге қолдау көрсеткен барлық қазақстандықтарға, сондай-ақ Алматы әкімдігіне зор алғысымды білдіремін. Бұл қолдау менің болашақ жетістіктеріме негіз болады», деді Кәмиля Досмалова.

Өткен Паралимпиадада Қазақстан құрамасы рекордтық тоғыз медаль жеңіп алды, оның ішінде 2 алтын, 3 күміс және 4 қола.