Елімізде баспана бағасы қымбаттады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазір еліміз бойынша жаңа пәтердің бір шаршы метрі 494 мың теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға көп. Баға Ақтөбе, Талдықорған, Қызылорда қалаларында 7-8 пайызға көтерілген.
Qazaqstan телеарнасының мәліметінше, ең қымбат пәтер қазір Астана және Алматыда. Мұнда жаңа үйдің шаршы метрі 570-592 мың теңгеден.
Сондай-ақ, екінші деңгейлі нарықтағы баспана бір жылда 5 пайызға қымбаттады. Ал жалдамалы пәтер құны 8,4 пайызға көтерілді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Тelegram арнасынан таба аласыз.