Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында куәгерлердің бірінің айғақтарының арқасында полицейлер іздеу бағытын нақтылап, әйелді тапты.
Көкшетауда жарты ай бұрын жоғалып кеткен әйелге қатысты тың дерек шықты
609
оқылды

6 қазанда Көкшетау тұрғынынан полиция басқармасына қыркүйек айының ортасында үйден кетіп, оралмаған анасын іздеуге жәрдемдесу туралы өтініш түсті, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Рolisia.kz жазғандай, ер адам екі аптадан астам уақыт бойы анасын өз бетінше іздеген, бірақ таба алмаған. Кейінірек полиция мен еріктілер іздеуге қосылды.

Тәртіп сақшылары түрлі медициналық мекемелерді, қонақүйлерді, вокзалды қарады. Таныстары мен туыстарынан сұрастырды.

"Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Оның үйден не себепті кетіп қалғаны анықталып жатыр", – деп хабарлады полиция.