Әнші Әли Оқапов анасы, Халық әртісі Роза Рымбаеваның өмірі туралы фильм түсіргісі келетінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әли Оқапов продюсер ретінде осы жобамен бірнеше жылдан бері айналысып жүргенін жеткізді. Алайда өкінішке қарай, “Ұлттық киноны қолдау қорына” ұсынғанда, іріктеуден өтпей қалған.
"Болашақта анам жайлы биографиялық драма түсіргім келеді. Бұл жобамен айналысып жүргеніме бірнеше жыл болды. Әзірге өкінішке қарай жолымыз болмай жүр. Өйткені оны жасау үшін қолдау керек. Менің ойымша, анамның өмір жолы мен өнер жолы кино ретінде шығуға әбден лайық. ...Біз жобаны “Ұлттық кино қолдау қорына” ұсындық, бірақ өкінішке орай, екі жыл қатарынан іріктеуден өтпедік. Оған не себеп болғанын білмеймін”, – дейді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Тelegram арнасынан таба аласыз.