Ер адамның денесі Қостанай облысы Б. Майлин ауданындағы Тобыл өзенінің жағасынан 250 метр қашықтықта судан табылған.
Қостанай облысында 10 күн бойы іздестірілген ер адамның мәйіті табылды
Фото: pixabay.com
413
оқылды

Құтқарушылар қыркүйектің 28-і күні балық аулауға шығып, содан кейін отбасымен байланысқа шықпаған ер адамның денесін тапты, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Instagram-дағы парақшасында 28 қыркүйекте жоғалған Лисаков тұрғынын іздеу аяқталғаны хабарланды.

Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәліметтері бойынша, ер адамның денесі Б. Майлин ауданындағы Тобыл өзенінің жағасынан 250 метр қашықтықта судан табылған. Құтқарушылар денені судан шығарды.

Ведомствода 10 күн бойы іздеу жұмыстары Б.Майлин ауданы мен Лисаковск қаласындағы Тобыл өзенінің жағалау сызығында және су астында жүргізілген. Полиция мен құтқарушыларға тұрғындар көмектесті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.