Сенаттың жалпы отырысында Марат Қожаев депутат ретінде ант берді.
Сенаттың жаңа депутаты ант берді
Фото: видеодан алынды
601
оқылды

Бүгін  Сенаттың жалпы отырысында  Марат Қожаев депутат ретінде ант берді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», – деді М. Қожаев.

Сонымен қатар жалпы отырыста ол ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің құрамына сайланды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.