Желіде Алматыда әйел ер адамды өртеп жібергені туралы ақпарат пайда болды. Полиция департаменті өкілдері жәбірленуші қаза болғанын айтып, ақпаратты растады, – деп хабарлайды Aikyn.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.
Бейсенбі желіде алматылық қарттың өрттен қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Бұл жайтқа қалалық Полиция департаменті өкілдері түсінік берді.
"Медеу аудандық полиция бөлімі кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады полиция өкілі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.