2014 жылы Жетісу облысының Ескелді, Көксу, Кербұлақ аудандарында орналасқан жалпы ауданы 221 гектар болатын 5 жер учаскесі су электр станциясын салу үшін «К» и «A» ЖШС-ға берілген, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
АШМ ЖРБК Жетісу облысының Жер ресурстарын басқару департаменті жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында жоғарыда аталған жер учаскелері берілген сәттен бастап мақсатына сай пайдаланылмағаны анықталды.
- Департамент жол берілген бұзушылықтарды жою бойынша тиісті шаралар қабылдады. Алайда, ЖШС нұсқаманың орындалуын елемеді. Жетісу облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы шешім қабылданды, - делінген хабарламада.