Композитор Қалдыбек Құрманәлінің жүрегі сыр берген.
Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі ауруханаға түсті
Фото: ашық дереккөз
1,126
оқылды

Адвокат Ләззат Ахатова әлеуметтік желіде композитор Қалдыбек Құрманәлі ауруханаға түскені жайлы жазды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.   

Ол Әнару Құрманәлі мен боксшы Жанқош Тұраровтың ісіне қатысты мән-жайды сұраған желі қолданушыларына жауап берді. Айтуынша, іс тергеліп жатыр.

«Қыздың әкесі Қалдыбек аға жүрек талмасы ұстап, қазір Алматыда ауруханада жатыр. Мен де тамыздан бері ауырып жүргенмін, соңында суық өкпеме өтіп кетіп, Шымкентте емханадамын. Сонда да байланысты үзбей, істі бақылауда ұстап отырмын. Алматыда Әнтай Әлімбекқызы деген тағы бір білікті адвокат әріптесіміз іске қосылды. Әкесі ауруханадан шыққан соң, Бас прокурордың қабылдауына жазылып, тергеудегі жағдайды жеткізбек», деді қорғаушы.

Айта кетейік, Әнару Құрманәлі танымал боксшы Жанқош Тұраров зорлады деп арыз жазған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram   арнасынан таба аласыз.