Елордада «Бейбітшілік және келісім паркі» атты жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Бұл кеңістікте «Жұлдызды аспан» туннелі, «Өмір ағашы» ескерткіші, Каскадты сарқырама қарастырылған. Жобаның негізгі идеясы – ортасындағы жапырақты емен ағашы бар күмбез түрінде жасалған «Өмір ағашы» ескерткіші.
Тұжырымдамалық табиғи-рекреациялық аймақты құру әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне орайластырылған. Саябақ тұжырымдамасы Қазақстандағы түрлі конфессиялар мен ұлттар арасындағы ынтымақтастықты, достық пен бірлікті білдіреді.
Қоғамдық кеңістік Тәуелсіздік даңғылы мен Панфилов көшесінің қиылысында, Есіл өзенінің бойында орналасқан.
Айта кетсек, жыл басынан бері қала бойынша барлығы 170 қоғамдық және аула кеңістігі абаттандырылды. Жұмыстың басым бөлігі аяқталды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Тelegram арнасынан таба аласыз.