"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ауа райының нашарлауына байланысты Астана мен бірнеше облыстың автокөлік жүргізушілерін жолда сақ болуға шақырды.
"ҚазАвтоЖол" Астана мен үш облыстың көлік жүргізушілеріне ескерту жасады
Фото: istockphoto.com
262
оқылды

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ауа райының нашарлауына байланысты Астана мен бірнеше облыстың автокөлік жүргізушілерін жолда сақ болуға шақырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

“Астана қаласында, сондай-ақ Қостанай, Ақмола және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережесін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз”, – делінген компанияның Telegram-дағы арнасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram   арнасынан таба аласыз.