Биылғы марафонға әлемнің 15-тен астам елінен 2 мың спортшы қатысады.
Астанада жексенбі күні марафонға байланысты бірқатар көше жабылып, автобустар бағдарын өзгертеді
Фото: Аikyn.kz
643
оқылды

13 қазан күні елордада Astana City Marathon жарысы өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Qazaqstan телеарнасының мәліметінше, қалада кейбір көшелерде көлік қозғалысы таңертеңнен бастап ішінара жабылып, сағат 13.00-ге қарай қайтадан ашылады. Сондай-ақ, көптеген автобус бағдарын өзгертеді. 

Биылғы марафонға әлемнің 15-тен астам елінен 2 мың спортшы қатысады. 

Жарыс EXPO алаңынан басталып, қаланың көрікті жерлері – Бас Республикалық мешіт, Президент саябағы, Есіл өзенінің жағалауы, «Бәйтерек» монументі, «Әбу-Даби Плаза» және Ботаникалық бақ арқылы өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Тelegram арнасынан таба аласыз.