11 қазанда Алматыда отан­дық педагогика ғы­лы­мының дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті ға­лым, ұлағатты ұстаз Кү­ләш Құнантайқызының құр­ме­ті­не оқу ғимараты беріліп, дә­ріс­хананың ашылу салтанаты өтті.
Ғалым құрметіне оқу ғимараты берілді
154
оқылды

Күләш Құнантаева – Қазақстан әйел­дерінің ішінен шыққан тұң­ғыш педагогика ғылымдарының докторы, академик. Іс-шарада про­фессордың құрметіне оқу ғима­раты беріліп, «Қазақстандағы білім сала­сында әйелдердің рөлі» та­қыры­бында кон­ференция өткізілді. Кон­ференция ая­сында ғалымның өмірі мен ғылыми қызметі жөнінде баяндама жасалды. 

Педагогика ғылымдарының док­торы, Л.Гумилев атындағы Еу­разия ұлттық уни­вер­ситеті профес­соры Перизат Байтеш­қызы ғалым туралы естеліктерімен бөлісіп, оның ұстаздық жылы туралы баян­дады.  

Сондай-ақ іс-шара барысында Қазақ­стан Республикасының Ұлт­тық ғылым академиясының және Педагогика ғылым академиясының құрметті академигінің жетістіктері, фотосуреттері, құжаттары мен ғы­лыми жұмыстары ұсынылатын көрме ұйымдастырылды. Универ­ситет ректоры Гүлмира Қанай Күләш Құнантайқызының қазақ әйелдерінің жоғары білім алуы жо­лында сіңірген еңбегі зор екенін атап өтті.

Шара соңында жекеменшік медицина­лық орталық атынан 4 студентке 3 миллион теңге көле­мін­де Күләш Құнантайқызы атын­дағы грант берілді.

С.БЕГІМБАЙ