Астанада «Үздік-2024» қалалық байқауы басталды. Сайыстың мақсаты жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға, жұмыс берушілердің назарын аударуға және түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге бағытталған.
Жұмысшы мамандар бақ сынайды
303
оқылды

Жыл өткен сайын қалалық байқаудың жастар арасында танымалдығы артып келеді. Бұл жай ғана бәсекелестік емес, жұмысшы мамандықтарға деген көзқарасты өзгерту мен кәсіби шеберлікті дамыту үшін қолайлы орта құруға ба­ғытталған ауқымды бастама.

«Байқау биыл үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Бірақ колледж студенттері бұл жолы алғаш рет қатысуда. Былтырғы жылы қатысушылар 5 компе­­тенция бойынша ғана сайысқа түссе, осы жылы 25 жұмысшы мамандықтар арасында бақ сынаспақ. Бүгінде жұмысшы маман­­дықтарды насихаттау мәселесі өте маңыз­­ды. Сондықтан нарықта сұранысқа ие мамандықтар таңдап алынды. Ең қызығы сайысқа қатысушылардың барлығы 22 жас­қа дейінгі жұмыс істейтін және кәсіптік білім алып жүрген жастар», – деп атап өтті Астана қаласы Білім басқар­ма­сының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Ақмарал Хон.

Бұл сайыс бүгінде еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды насихаттаудағы табандылықтың көрінісі. Өйткені байқауға қатысушыларға ерекше назар аударылады. Олардың арасында қараша айында WorldSkills республикалық чемпионатына дайындалып жатқан сту­денттер бар. Бұл байқау қатысушыларға өздерінің күшті және әлсіз жақтарын анық­тауға және сәтті өнер көрсету үшін қажетті дағдыларды жақсартуға мүмкіндік беретін тамаша дайындық болады. 

«Біз жастарымыздың жоғары нәти­желерге қол жеткізгенін және кәсіби өсуге ұмтылғанын мақтан тұтамыз. Барлық қатысушыларға сәттілік, өз күштеріне се­німділік және жарқын табыс тілей­мін!», – дейді Ақмарал Хон.

Бұл жоба аясында жыл соңына дейін 25 компетенция бойынша байқау өтеді. Сайыс соңында ең үздік деген үш жүлде­гер марапатталмақ. «Астана жастары» Жас­тар ресурстық орталығы КММ бө­лі­мі­нің басшысы Әлфараби Аймақтың ай­туынша, қатысушыларды бағалау CS бағ­дар­ла­масын пайдалана отырып жүр­гізіледі.

«Бұл сарапшылар мен қазылар алқа­сының мүшелері қойған бағалау процесінің адал бәсекелестігі мен ашықтығын қам­тамасыз етпек. Байқау студенттер мен жұ­­мыс істейтін жастар арасында тәжірибе алмасу үшін платформа құруға, сондай-ақ Астана қаласында жұмысшы маман­дық­тарға жоғары сұранысты көрсетуге бағыт­талған», – деп бөлісті Әлфараби Нұр­кенұлы.

Байқауға колледж студенттері мен жұмыс істейтін жастардың бірге бақ сы­науы бірлескен білім беру ісін дамытуға мүмкіндік береді. Байқауға 300-ден астам адам қатысады.

«Мен өзімнің талантымды көрсетіп, тәжірибе алмасқым келеді. Байқауға да­йындық барысында тенденцияларды зерттеу, материалдармен жұмыс істеу және түстер мен пішіндермен тәжірибе жасау жұмыстары қамтылған. Болашақта өз қабі­летімді шыңдап, дамытуды, жаңа әдістерді үйренуді және жобалармен жұ­мыс істеуді жоспарлап отырмын. Мақ­сатым – ха­лықаралық байқауларға қатысу және мүм­кін өз студиямды ашу. Дағды­ларды дамыту шығармашылыққа жаңа мүмкіндіктер берсе, ал жеңіс одан әрі жі­гер­лендіре түседі деп ойлаймын», – дейді колледж студенті Балтабай Ержан.

2024 жылғы 9-31 қазан аралығында 10 кол­леджде 25 құзыреттілікте көшбас­шылар анықталады. Олардың қатарында: құры­лыс және жөндеу жұмыстары, аспаз­дық және кондитерлік өнімдер, Мей­рамхана қызметі, IT-шешімдер, Шаштараз өнері, кәсіпкерлік, сондай-ақ педагогика және бала күтімі секілді салалар бар.

Іс-шара қорытындысы бойынша анық­­талған жеңімпаздар марапат қағазы мен сыйлықтарға ие болады. Бұл олардың одан әрі жетістіктері үшін қосымша ын­таландыру болмақ.

Кәмила ЕРКІН