Халық әртісі Мақпал Жүнісова көпшілікке шетелде қалай демалып жатқанын көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әнші демалып жатқан сәтінен видео жариялап, жұртты күлкіге қарық қылды. Бейнежазба әншінің гидроцикл айдап бара жатқанын көруге болады. Басында инструктор көмектескісі келгенімен, әнші газды басқан кезде ол суға құлап кеткен.
«Ешкімді мінгестіргім келмесе, осылай болады», – деп жазды әнші.
Бұл көрініс желі қолданушыларын күлдірді.
«Тоқтамай күлдім ғой», «Мақпал ханым жүрген жерінде күлкіге қарқ етіп жүреді», «Бәрін күлдіреді де, жүреді», «Ана жігітке обал болыпты. Оңбай құлапты», деп жазды оқырмандар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.