Бұл туралы полиция мәлімдеді.
Шерзаттың қазасы: марқұмның отбасын полиция күзететін болды
ІІМ
839
оқылды

Талғарда қаза тапқан жасөспірім Шерзат Болаттың отбасын полиция күзетеді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Келіп түскен арызға сәйкес, 4 қазанға қараған түні Талғар ауданында қаза тапқан кәмелетке толмаған баланың отбасы күзетпен қамтамасыз етілген. Отбасының тұрғылықты жері бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерінің тарапынан тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды", – делінген ІІМ хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Шерзат Болаттың отбасына тиісілі үйі өртеніп кеткенін жазған едік.