Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды.
Армения президенті Астанаға келе жатыр
428
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Армения президенті Ваагн Хачатурян 15 қазан күні елімізге ресми сапармен келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында саяси, сауда-экономика, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-армян ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективалары талқыланады.

Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасады деп жоспарланып отыр.