Әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Елібаев қайтыс болды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Рамазан Елібаев 1947 жылы дүниеге келген. Ол — белгілі қазақ әншісі және композиторы, «Нұрекем», «Тұмарым», «Жаным-ау», «Не пая» әндерінің авторы және орындаушысы.
«Көздер-ай», «Жас ұлан», «Балалық қайран, бал шағым», «Көңіл күйі» т.б. «Гүлдер» ансамблінің құрамында түрлі халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.
Әнші бір жыл бұрын 3-дәрежелі "паркинсон" дертіне шалдыққан еді.
Өнер қайраткерінің қазасы туралы хабарды балалары жариялады.