Әлеуметтік желіде Алматы көшелерінде белгісіз үш жігіт мас күйде көлік айдап, пышақ ұстап жүргені туралы бейнежазба таралды, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Видео авторы ер адамдарға неліктен жүргіншілерді суық қару ұстап, қорқытып жүргенін сұрайды.
“Алматыда байдың балалары ішіп алып, қаланың қақ ортасында қолында "охотничий" пышақ ұстап жүр. Мас күйде көлік басқарған. Сәл болмағанда Талғардағы жағдай қайталанайын деп қалды", – деп жазды видео авторы.
Stan.kz полициядан осы жағдайға қатысты ресми ақпарат сұрады.
“Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілді. Құқық бұзушылар ұсталып, полицияға жеткізілді. Қазір істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған шаралар кешені қарастырылып жатыр. Оларға қатысты міндетті түрде ҚР-ның заңнамасына сәйкес шаралар қолданылатын болады”, – деп жауап берді Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметі.