Ол елдің дамуына үлкен үлес қосқан абыройлы мемлекет және қоғам қайраткері болды.
Танымал саясаткер Кенжебек Укин дүниеден озды
Костанайские новости
940
оқылды

Қазақстанның белгілі мемлекет қайраткері Кенжебек Укин 84 жасында өмірден өтті. Қаралы хабарды әлеуметтік желіде Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов хабарлады деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Кенжебек Укинович Укиннің өмірден озғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдадық. Ол елдің дамуына үлкен үлес қосқан абыройлы мемлекет және қоғам қайраткері болды. Кенжебек Укинович еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, облыс әкімшілігінің басшысына дейінгі ұзақ жолды жүріп өтті. Ол әсіресе Қазақстанның тәуелсіздігін қалыптастыру жылдарындағы қиын кезеңдерде ерен еңбегімен танылды Марқұмның отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Оның еңбегі мен парасаты болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі болып қалады", - деп жазды облыс әкімі.