Зайсан ауданы Мұқашы ауылында шөп қоймасы өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушылардың жедел және үйлесімді жұмысының арқасында өрттің одан әрі үлкен аумақтарға таралуына жол берілмей, оны оқшаулауға мүмкіндік туды.
"Өрт сөндірушілердің күшімен көрші құрылыстар мен шаруашылықтарға өрттің таралуына жол берілмеді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ", – делінген хабарламада.
ТЖМ шөпті сақтау және жинау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салды.