Ведомство мәліметтері бойынша күннің күрт суытуы және көктайғақ салдарынан өңірде 22 жол-көлік оқиғасы болған.
Қарағандыда көктайғақ салдарынан автобус жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
250
оқылды

Қарағанды Полиция департаменті автобус көктайғақ салдарынан жаяу жүргіншіні қағып өлтіргенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"12 қазан күні сағат 19:00 шамасында Липецк көшесінде 53 жастағы маршруттық автобус жүргізушісі көктайғақ жағдайында 56 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Зардап шегуші дереу ауруханаға жеткізілді, бірақ дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, ол алған жарақаттарынан көз жұмды", – делінген хабарламада.

Шахтинск және Теміртауда да жол-көлік апаттары болып, нәтижесінде екі адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Бір тәулікте ішінде тіркелген 19 жол-көлік оқиғасы жәбірленушілер мен зардап шеккендерсіз өтті.