Қаралы хабарды ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актер Рахман Омар әлеуметтік желіде жеткізді.
«Буынсыз адам» атанған Айдос Тоқтарбай өмірден өтті
1,599
оқылды

«Буынсыз адам» атанған белгілі цирк әртісі Айдос Тоқтарбай қайтыс болды, – деп жазды Aikyn.kz. 

Қаралы хабарды ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актер Рахман Омар әлеуметтік желіде жеткізді.

«Айдос Тоқтарбай бауырымыз мезгілсіз өмірден өтті. Цирк өнерінің шебері», – деп жазды актер.

Цирк әртісі соңғы сұхбатында Өзбекстан мен Қытайға барып, өнер көрсеткенін, кейін аяғы мен белінен жарақат алып, біраз уақыт өнерден қол үзіп қалғанын айтқан болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.