14 пен 16 жас аралығындағы 3 күдікті анықталды.
"20 адам үш жасөспірімді соққыға жыққан": полиция мән-жайды айтты
Фото: istockphoto.com
1,777
оқылды

Желіде Таразда 20 адам үш жасөспірімді соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады. Жамбыл облысының Полиция департаменті бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Әлеуметтік желіде тараған "20 адам 3 жасөспірімді ұрды" деген ақпарат шындыққа жанаспайды", – деді полиция қызметкерлері.

Бір топ адам жасаған бұзақылыққа қатысты қылмыстық істі тергеп жатқаны хабарланды. 14 пен 16 жас аралығындағы 3 күдікті анықталды.

Облыстық ПД мәліметінше, бұл іске кәмелетке толмаған тағы 4 баланың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

"Зардап шеккендердің тізімінде екі адам бар – 13 жастағы жасөспірім мен 21 жастағы жігіт. Олардың жағдайы тұрақты", – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.