Қазақстанда Telegram-ның кеңсесі ашылып, өкілі сайланады.
Қазақстанда Telegram-ның кеңсесі ашылады
Фото: pro.rbc.ru
803
оқылды

Қазақстанда Telegram-ның кеңсесі ашылып, өкілі сайланады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Министрдің айтуынша, енді WhatsApp және TikTok сияқты интернет-платформалар да елімізде өз өкілін тағайындайды.

«Біз сондай-ақ Telegram платформасымен заңсыз контентті жедел жою және деструктивті арналарды бұғаттау бойынша белсенді түрде ынтымақтастық орнатып жатырмыз. Біздің заңнамаға сәйкес, енді Telegram, WhatsApp және TikTok сияқты интернет-платформалар Қазақстанда өз өкілін тағайындауға міндетті. Telegram-мен олардың өкілін тағайындау және кеңсе ашу туралы келісімге қол жеткізілді,  бұл контентті бақылауды арттыруға бағытталған маңызды қадам»,  деді Жаслан Мәдиев.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.