Қазақстанда 2025-2026 жылдары күш құрылымдарының жалақысы орташа 48,2% өседі.
Әскерилердің жалақысы мен зейнеттік төлемдері өседі
Фото: Қорғаныс министрлігі
2,165
оқылды

Қазақстанда 2025-2026 жылдары күш құрылымдарының жалақысы орташа 48,2% өседі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Үкімет басшысының 27 қыркүйектегі қаулысына сәйкес, күш құрылымдарына еңбекақы төлеу жаңа жүйеге көшеді. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектеновтің депутаттық сауалға берген жауабында айтылған.

Алғашқы кезеңде офицерлік құрам жалақысын орташа 20,3%, қатардағы және сержанттық құрамды 33,9% арттыру көзделген. Екінші кезеңде офицерлік құрам жалақысын 23%, сержанттық құрам жалақысын 10% жоғарылату жоспарланған.

Лауазымдық қызметақының өсуі өзге де төлемдердің артуына әсер етпек. Мәселен, сыныпқа қарай төленетін төлем, мемлекеттік құпияға жататын дерекпен жұмысқа қарай төленетін төлем, денсаулық төлемдері мен көтерме төлемдер, зейнетке шығарда берілетін зейнеттік төлем мөлшері де арта түседі.

Сондай-ақ коммуналдық қызметтердің 50% өтеу, дала төлемдерін енгізу, жылына бір рет еңбек демалысы кезінде әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне пойызбен, қоғамдық көлікпен жүруін тегін ету пысықталып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.