Павлодар облысы Шарбақты ауданы Малиновка ауылында 1969 жылғы ер адам өз үйінде тосыннан болған өрттен көз жұмды.
Павлодарда өртенген үйден ер адамның мәйіті табылды
Фото: Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті
326
оқылды

Павлодар облысы Малиновка ауылында өртеніп кеткен үйден ер адамның мүрдесі табылды. 1969 жылғы марқұм аталған үйде жалғыз тұрған,  – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Шарбақты ауданы Малиновка ауылында 1969 жылғы ер адам өз үйінде тосыннан болған өрттен көз жұмды. Оқиға бүгін таңертең болған.

«14 қазан күні сағат 06.12-де Шарбақты ауданы Малиновка ауылындағы жер үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, жалынды сөндіруге кірісті. Алаңы 15 шаршы метр аумақта ағаш еден және терезе жақтаулары өртенген. Өрт сөндіру барысында үйден 1969 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Ол аталған үйде жалғыз тұрған. Өртке ӨСБ-7 күштері мен құралдары жұмылдырылды. Оқиғаның себебі анықталып жатыр», деп хабарлады Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Мамандар өрттің шығуына үйдегі пеш немесе темекі тұқылы себеп болуы мүмкін екенін айтады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.