Депутаттың айтуынша, жоғары сынып оқушыларына колледжде қатар оқуға мүмкіндік беру ақшаны да азайтады, балалардың уақытын тиімді жұмсауға мүмкіндік береді және мектеп бітірген кезде түлектер аттестатпен қоса нақты бір мамандық алып шығады.
Аймағамбетов 10-11-сынып оқушыларына колледжде қатар оқуға мүмкіндік беруді ұсынды
Фото: press.kz
1,636
оқылды

Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов 10-11-сынып оқушыларына колледждерде қатар оқу мүмкіндігін беруді ұсынды,  – деп хабарлайды  Aikyn.kz azattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап.

«10-11-сынып оқушыларына өз таңдауы бойынша мектептегі оқумен бірге колледждерге параллельді түрде оқуға мүмкіндік беруді ұсынсақ. Мысалы, ауылдарда түске дейін сабақ оқиды, көбіне бір ауысымды, түстен кейін колледждерде параллельді түрде қосымша мамандық алып шығуға мүмкіндік берсек. Бүгін біз қарасақ, 11-сынып бітіргендердің 50 мыңы тағы колледжге түсіп жатыр. Ол тағы да сол пәндерді қайтадан оқиды»,  дейді Аймағамбетов Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.

Депутаттың айтуынша, жоғары сынып оқушыларына колледжде қатар оқуға мүмкіндік беру ақшаны да азайтады, балалардың уақытын тиімді жұмсауға мүмкіндік береді және мектеп бітірген кезде түлектер аттестатпен қоса нақты бір мамандық алып шығады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.