Қытайдың Тайань қаласында спорттық жартасқа өрмелеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр. Турнирде Қазақстанның екі спортшысы жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҰОК баспасөз қызметінің мәліметінше, отандық жартасқа өрмелеушілер «жылдамдық» пәні бойынша екі күміс жүлдеге ие болды.
Олар – Әмір Маймұратов пен Тамара Ұлжабаева.
Финалда Әмір қытайлық Пэну Вуден жеңілсе, Ұлжабаева Шисюэ Мэнге (Қытай) есе жіберді.