Кінәлі ер адам жауапқа тартылды.
Семейде мысық сатып алмақ болған әйел күтпеген жағдайға тап болды
1,264
оқылды

Үй жануарын сатып алмақ болған Семей тұрғыны күтпеген жағдайға тап болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Astana TV-ге сілтеме жасап.

10 қазанда полицияға 51 жастағы әйел хабарласып, 17 жастағы қызын интернет арқылы алдап кеткенін мәлімдеді.

Бейтаныс адам OLX платформасында екі шотланд мысығын сатамын деп алдап, қыздан 34 000 теңгені алып кеткен.

Абай облысы Полиция департаментінің Киберпол тобының қызметкерлері алаяқты тез арада анықтады. Қыздың ақшасы толық қайтарылып, жас жігіт жауапқа тартылды.